Құттықтау

23

Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында ақпарат саласында еңбек етіп жүрген біраз азаматтар марапатқа ие болды. Солардың қатарына «Қазақ газеттері» серіктестігінде қызмет етіп жүрген әріптестеріміз де енді. Атап айтар болсақ, «Ана тілі» газеті бас редакторының орынбасары — Дәуіржан Төлебаев «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталса, серіктестіктің материалдық жағынан жауапты бухгалтері – Айжан Үкібаева Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Құрмет Грамотасына ие болды. Ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерекесінде ие болған марапаттарыңыз құтты болсын, әріптестер!
Құрметпен: «Қазақ газеттері» ЖШС ұжымы




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *