Ауа райына байланысты 3 облыста жолдар жабылды

180

Ауа райының күрт құбылына (көктайғақ) байланысты үш облысқа қатынайтын автожолдар жабылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлайды.

Айталық,  Қарағанды облысында 24 желтоқсанда сағат 21. 30 бастап  автокөліктің барлық түрлері бойынша барлық бағыттарға қозғалыс шектелді.

Павлодар облысында 24 желтоқсанда сағат 23.55 бастап  автокөліктің барлық түрлері бойынша барлық бағыттарға қозғалыс шектелген.

Сондай-ақ, Ақмола облысында  да 24 желтоқсанда сағат 23.00 бастап  автокөліктің барлық түрлері бойынша «Екатеринбург-Алматы» (Аршалы кентінен Қарағанды облысына дейінгі аумақ, 1330-1353 км) тас жолында қозғалыс шектелген.

ҚазАқпарат агенттігі




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *