Мәжілісте Қазақстанның Азия бағытындағы сыртқы саясаты талқыланды

175

Мәжілісте вице-спикер Владимир Божконың төрағалық етуімен Үкіметтік сағат өтті. Отырыста Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Азия бағытындағы сыртқы саясаты тақырыбында баяндама жасады, деп хабарлайды Kazgazeta.kz parlam.kz-ке сілтеме жасап.

Отырысты ашқан вице — спикер В. Божко биылғы жыл Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Азия елдерімен қарым-қатынас, сенім Кеңесінің Азия елдерімен келісім жасауына 25 жыл толуына сәйкес келіп отырғанын және Сыртқы істер министрлігі мен Казақстандық дипломатиялық корпусының ЭКСПО-2017 көрмесіне Азия елдерінің көптеген үлес қосуы арқасында болғанын атап өтті.

Сонымен қоса В.Божко еліміз егемендік алған сәттен бастап Азия елдерімен (Орталық Азия елдерін қоспағанда) 173 елдің парламенттермен келісімдер жасағанын атап өтті. Мәселен, Жапониямен — 19 келісім жасалса, Иран — 6, Сауд Арабиясы — 8, Азия Даму Банкі — 22, Ислам даму банкімен 7 келісім жасалған.

Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов Қазақстан Республикасының азиялық бағыттағы сыртқы саясатына егжей-тегжейлі тоқталды. Сонымен қоса отырыста Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев ойын білдірді.

«Қазіргі уақытта Азия, әсіресе, Азия-Тынық мұхит аймағы экономикалық даму, индустрияландыру, цифрлық экономикаға көшу, инвестиция тарту бойынша әлемде көш басында келеді. Сондықтан, Қазақстан үшін Азия елдерімен жүйелі ынтымақтастық орнату аса маңызды. Бұл елімізде кешенді жаңғыру бағдарламасын табысты іске асыруға оң үлесін қосатыны анық», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ, М. Әшімбаев бүгінгі Үкімет сағаты депутаттар мен мемлекеттік органдар өкілдеріне осы бағыттағы Қазақстанның сыртқы саясат басымдықтарын терең түсінуге мүмкіндік береді деп есептейтінін және талқылау еліміздің маңызды сыртқы саяси міндеттерін іске асыруда парламенттік дипломатияның ресурстарын алдағы уақытта кеңінен пайдалануға ықпал ететініне сенім білдірді. Талқылауға қатысқан Мәжіліс депутаттары министр мен мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар сұрақтар қойды. Атап айтсақ, депутат Қ.Жақыпов экономикалық дипломатияның құралдары туралы, Е. Тимощенко мен Р. Ким Азия елдерімен инвестициялық және қаржылық ынтымақтастықты жүзеге асыру мәселелеріне тоқталды.

Сонымен бірге Қ.Сұлтанов, Б.Мамраев, М.Чирков мәдени-гуманитарлық, білім берудің өзара әрекеттесуі және Қазақстанның Азия елдеріне туристік тартымдылығын арттыру мәселелеріне қатысты сұрақтар қойды. Отырыс нәтижесінде үкіметтік органдарға Қазақстанның сыртқы саясатының Азиялық бағыт бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде Үкіметке жіберілетін ұсынымдар қабылдады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *