Мемлекет басшысы ҚР Кедендік реттеу туралы кодексіне қол қойды

405

Нұрсұлтан Назарбаев кедендік реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексіне қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұдан өзге, Мемлекет басшысы заңнаманы «ҚР кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен сәйкес келтіруге бағытталған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *