Қытайлар Қазақстанда жел электр станциясын салады

323

Қазақстанда қуаты 5 млн ватт электр станциясы салынады, құрылысты Қытайдың Goldwing Science and Technology компаниясы деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде lsm.kz басылымы Ecns.cn сайтына сілтеме жасап жазады.

 Бұл Қазақстанда электр қуатын экологиялық таза жолмен өндіретін алғашқы электр станциясы болмақ. Электр станциясы 2018 жылы салынады, оның құрылысына CITIC Construction компаниясы қатысады.

Басылымның хабары бойынша, Қазақстанда жаңаратын қуат көзі бойынша жалпы 53 нысан салынбақ, оған 1 трлн теңге жұмсау жоспарланып отыр. Жоспарға сәйкес, 22 жел электр станциясы (957 МВт), 18 күн электр станциясы (750 МВт) және 13 жылу электр станциясы (268 МВт) салынуы тиіс.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *