Тәрбие – тал бесіктен

Ата-ананың бала тәрбиесінде атқарар рөлі ерекше. Баланы – жастан деп бекер айтпаған дана халқымыз ежелден-ақ ұл мен қыз бала тәрбиесіне аса зор мән беріп келген. Қазір заман ағымына сай отбасыларда бала тәрбиесіне басты мән беріледі деп ауыз толтырып айтуға болмас. Өйткені жұмыс көп, уақыт жоқ, қонақ шақыру керек деген сынды сылтаулар тізбектеліп кете береді.  Баланы кішкентайынан тәрбиелемесе, «Әй, дейтін әже, қой дейтін қожа» болмаса, ұл ер жетіп, қыз бойжеткенде ақыл айтып, жөн сілтеу тым кеш болары анық. Төменде халқымыздың ұл мен қыз бала тәрбиесіне қатысты ырым-тыйымдарын ұсынамыз. Олар әр ата-ана қаперінде тұрса, бала тәрбиесінде пайдасы тиер еді.

 Қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деген оймен от басы, ошақ түбіне көмеді.

Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Жаман ырым.

Қыз бала басына ақ, қара ора­мал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара — қайғының белгісі болып сана­лады.

Анаға зекіме, азабын тартасың.

Жарыса сөйлеме

Жалғыз қыдырма

Кісіге қарай керіліп есінеме

Талтайып отырма

Шалқайып жатпа

Тамақты обырлана асама

Бұраңдап қылымсыма

Қызыл іңірде жатпа

Түске дейін ұйықтама

Кісі алдында киім ауыстырма

Үлкендердің жолын кесіп, атын атама

Ішімдік ішпе,  шылым шекпе

Беттен алып, бет жыртыспа

Түнде суға жалғыз барма

Әдепсіз сөйлеме

Тарс-тұрс етпе

Адам мен жануарларды теппе

Күйеуге қашып тиме

Ер баланың кіндігін ырымдап, «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып лақтырып жібереді.

Үй айнала жүгірме.

Бейіт тұсынан шауып өтпе, жүгіріп өтпе.

Бөркіңді теріс киме.
Үйде ысқырма.

Жалғыз ағашты кеспе.

Қызды ұрма.

Адамға, малға зәбір жасама.

Қыз ұлдың, ұл қыздың киімін кимесін.

Аманатқа қиянат жасама.

Құстың ұясын бұзба.
Құмырсқаның ұясын баспа.
Ұрлық қылма, зорлық қылма.

Кісі үйінде түрегеп тұрма.
Түрегеп тұрып немесе жатып тамақ ішпе.

Аяғыңды тұсама, қолыңды байлама.

Атқа теріс отырма.
Қайықты тербелтпе.

Әйелге күш көрсетпе.
Малды боқтама.
Асты қорлама.
Жәндікті жәбірлеме.

Маңдайыңды, басыңды ұрма.

Шалбарды басыңа жастама.
Қолыңды артыңа ұстама.

Тәрбие негізі саналатын ырым-тыйымдар ұл мен қызды есейгенде  ерсі қылық пен теріс әдеттерден сақтап отырған. Ендеше отбасындағы тәрбие салт-дәстүрдің негізінде қалыптасса, балаларымыз жаман болмас.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *