Ирандағы тәртіпсіздік барысында қаза тапқандар саны 20-дан асты

Иранда өткен аптадан бері жүріп жатқан толқулар барысында қаза тапқандардың саны 20-дан асты, деп хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасап http://kazgazeta.kz

Соңғы бір күннің ішінде 9 адам мерт болған. Олардың үшеуі – тәртіп сақшысы. Полиция 450-ге жуық адамды қамауға алды. Кехдериджан қаласында шерушілер қару алу үшін полиция бөлімшелеріне шабуыл жасаған. Ал елде соңғы 8 жылда алғаш рет туып отырған наразылыққа мемлекеттегі экономикалық ахуалдың нашарлауы түрткі болды. Азық-түлік бағасының күрт қымбаттауына ашынған тұрғындар саяси талаптар қойып жатыр. Халық дін басыларының билікті шамадан тыс қолына шоғырландыруына қарсы. Қазір шерушілер аятолла Хаменеи мен президент Хасан Руханиді қызметінен кетуін және дін басыларының билігін шектеуді талап етуде. Сондай-ақ үкіметтен елдің оқшаулауына әкеліп отырған ысырапшыл сыртқы саясатты тоқтатуды сұрап отыр. Ал елдің рухани жетекшісі аятолла Хаменеи толқулар үшін АҚШ бастаған сыртқы күштерді айыптады. Әли Хаменеи, Иранның рухани жетекшісі: – Жауларымыз кез келген осал жерімізді пайдалануға тырысады. Соңғы оқиғаларды қараңыздар. Қолында қаржы мен қару-жарағы, күшті барлау қызметі бар жау елдер Ислам республикасына қиындық туғызу үшін күш біріктіріп жатыр.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *