Талдықорғанда қоғамдық көліктердегі жолақы бағасы қымбаттады

7

Жаңа жылдың алғашқы күнінен бастап Талдықоран қаласында қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттады. Осы уақытқа дейін 60 теңге төлеп келген жолаушылар 1-қаңтардан бастап 20 теңге артық төлей бастады. Облыс орталығында жолаушы тасымалымен айналысатын 7 мердігер мекеме қала халқына 29 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Жолақының өсуіне біріншіден, жанармайдың өсуі себеп болса, екіншіден, қосалқы бөлшектердің қымбаттауы да әсер етіп отыр. Дегенмен, бұрынғыдай 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер, ардагерлер, студенттер мен мектеп оқушылары және зейнеткерлердің жол жүру жеңілдіктері сақталады.

Қуат Қаниет, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

2015 жылы білсеңіздер 1 литр бензиннің құны 80 теңге болса, қазіргі кезде 160 теңге болды. Екінші себеп қосалқы бөлшектер, аккумулятор болсын, резиналар болсын, нарыққа байланысты 40-50 пайызға көтерілу себебі бойынша осындай шешімге келдік.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *