Жүрегімнің түбіне терең бойла

216

Түрксіб ауданындағы  № 142 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптар арасында «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты әдеби сазды кеш өткізілді. Кешті қазақ тілі пәні мұғалімі Нүргүл Жеделева өткізді. Кештің мақсаты оқушыларға Абай өлеңдерін және қара сөздері мен поэмаларын терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр сырымен таныстыру. Халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, дәстүр мен жаңашылдық, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру. Оқушылар арасында өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқырман дайындау. Ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

3 сынып оқушылары Абайдың оқу білім, табиғат лирикасын, аудармаларымен қоса, Крыловтың аудармаларын рөлмен сомдады, 4сыныптар өмірбаяны мен шығармашылығын айтты. Оқушылар нақышына келтіріп оқып, тыңдармандардың құлақ құрышын қандырды. Кеш өте қызықты, мағыналы оқушыларға берер тәлім тәрбиесі көп болып өтті. Кеш соңында Абай өлеңдерін, қара сөздерін, поэмаларын үздік нақышына келтіріп оқыған оқушыларға Абай кітаптары сыйға тартылды.

Абай – ұлт ақыны. Оның ақындық мұрасында – сөз өнері арқылы халқына қызмет ету. Абай адам атын биік дәрежеге көтеретін жаңа идея ұсынды, адамдық атқа ие болып отырып, надан болуға жол жоқтығын дәлелдеп, «Атым адам болған соң, қайтіп надан болайын»,- деп айтқан болатын. Ол халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз. Оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту – біздің ғұмырлық парызымыз. Абай еңбектері халық жадында сайрап, оған нұрлы өмірге жолды көрсетіп тұр. Абайды әлем танып отыр. Соның айғағы – Мәскеудің төсінде оған орнатылған ескерткіш.

Жалпы алғанда кештің тәрбиелік мәні: Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру болып табылады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *