Мемлекеттік сатып алулар жетілдірілді: өзгеріс қандай?

10

«Атамекен» ұсынған сатып алу жүйесін жетілдіруге қатысты 14 түзету ескерілді

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу жүйесін жетілдірумен, сатып алуда жергілікті қамту үлесін арттыру және алдын ала және посттендерлік бақылау өткізумен үздіксіз айналысып келеді.

Бүгінде «Атамекен» ҚР ҰКП сатып алулар және жергілікті қамту департаменті бірнеше мәселе бойынша жұмыс атқарды.

Заң жобасына сатып алулар жүйесін жетілдіру бойынша 14 түзету енгізілді:

  • Сатып алулар жоспарын толық және уақытылы жарияламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту;
  • Квазимемлекеттік секторға әкімшілік жауапкершілікті бекіту;
  • Қол жеткізудің бірыңғай тетігін құру;
  • Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алулар белігілі бір тәсілмен жүзеге асатын Тауар, Жұмыс, Қызмет тізімін бекіту;
  • Ішкі аудит мен директорлар кеңесінің есеп беру мідеттілігі қызметін енгізу;
  • Тауар, жұмыс, қызметті жеткізу орны бойынша бөлмеген жағдайда бірыңғай ұйымдастырушының әкімішілік жауапкершілігін алу;
  • Құрылыс бойынша жұмысты сатып алғанда міндетті түрде алдын ала төлем бекіту (30%-дан кем емес);
  • Тапсырыс берушіге сатып алынатын тауарлардың «баламасына» техникалық сипаттамасын көрсету «құқығын» беру норманы алып тастау;
  • Екінші жеткізушіні Жосықсыз жеткізушілер реестрене енгізуді алып тастау;
  • Құрылыс бойынша жұмыс сатып алғанда бекітілген баға бойынша бірнешеуі тең болғанда жеңімпазды байқау бағасы бойынша анықтау;
  • Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мекемелерімен қосалқы мердігерлерді тартуды жою;
  • Уәкілетті органның келісімшартты ҚР заңнамасын бұзу арқылы жасалған дерегін бекіткен жағдайда келісімшартты кез келген кезеңде бұзу нормасын жою;
  • Бір қатысушы арқылы зияткерлік меншік нысаны болатын жобалық-сметалық құжат дайындау, оның ішінде жобалық-саметалық құжатты түзеу жұмысын иелену;
  • Жобалық-сметалық құжатта мерзімі бекітілгенде, құрылыс жұмыстарын орындаудың нақты мерзімін бекіту.

Жеңіл және жиһаз өнеркәсібінің сатып алуын Сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы арқылы орталықтандырылған тәсілмен өткізу туралы шешім қабылданды. Жобалық-сметалық құжатты дайындауда отандық тауарларды таңдау және оның жариялаудың міндетті талабы енгізілді.

Жергілікті қамту жөніндегі комиссия жұмысының бірыңғай типтік регламенті бекітілді. ТЖҚ БНА анықтамалық коды қайта қаралып, код құру әдістемесі бекітілді.

«Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларында салалық сарапшылар интитуты енгізілді және сарапшылардың техникалық сипаттаманы қарау мерзімі 26 күнге дейін ұзартылды. Холдингішілік кооперацияға жол берілетін тауар, жқмыс, қызмет тізімін қалыптастыру мақсатында «Самұрық-Қазына» қорының еншілеес компанияларының негізгі қызметіне талдау жасалды.

Алайда, бірқатар мәселелерді жалғастыру әрі бекіті қажет. Мемлекеттік сатып алулар аясында «Атамекен» жосықсыз жеткізушілерге жұмыс қызметін қолдан төмендетуге мүмкіндік беретін демпингке қарсы шараларды алып тастауды ұсынды. Мемлекеттік сатып алулар мен «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуында Алдын ала біліктілігі бойынша іріктеу өткізу, оның ішінде жеткізушілердің ұқсас процедуралардан өту қажеттілігін алып тастау, олардың шығынын азайтатын өзара келісу механизмін енгізу. Мұнымен қоса, техникалық сипаттаманы бір ғана жеткізушіге ыңғайлап жасау және тауар сапасын арттыруды жою мақсатында техникалық сипаттаманы дайындауда ҚР ұлттық стандартын көрсету міндетті талабын бекіту ұсынылып отыр. Жоғарыда аталған ұсыныстарды жүзеге асыру үшін Заңнамаға тиісті түзету енгізу керек.

Мемлекеттік сатып алыларды жүзеге асыру ережесіне, атап айтқанда демпингтік бағалардың шекті төменгі мәнін бекітуге өзгерту енгізу керек:

— құрылыс бойынша жұмысқа (СМР) — 5%;

— жобалық-сметалық құжат дайындау жұмысына — 5%;

— техникалық қадағалау қызметі — 10%.

Мемлекеттік сатып алулар кіріс-касаалық ордер тәсілімен жүзеге асатын тауар, жұмыс, қызмет тізімін анықтау керек, «Бірыңғай қолжеткізу тетігі» ақпараттық жүйесін құру жұмысын атқару қажет және қолданыстағы сатып алу жүйесімен интеграциялауды жүзеге асырып, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап сатып алулар жүйесін ТЖҚ БНА-ның жаңартылған 15 сандық кодына ауыстыру.

Квазимемлекеттік сектордың сатып алуы аясында «Самұрық-Қазына» қорының холдингішілік кооперациясын жүргізге болатын ТЖҚ тізімін қалыптастыру, «Самұрық-Қазына» қоры сатып алудың санаттық стратегиясын дайындауда «Атамекен» ҚР ҰКП отандық өндірушілер бойынша ақпарат беру механизмін енгізу жұмысын жалғастыру керек

Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары аясында Ұлттық палата қол жеткізу мен анықтық қағидасын енгізуді, сондай-ақ ірі жер қойнауын пайдаланушылар – Теңізшевроил, Қарашығанақ, Петролеум мен NCOC өткізетін сатып алуларда жеңімпазды анықтау критериін бекітуді ұсынады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *