Әлемнің үздік кітаптары қазақшаға аударылды

Қазақстанның кітап қоры екі сүбелі еңбекпен толықты. «Орхон» баспа үйінің мұрындық болуымен жарық көрген кітаптың бірі — Ветнам мемлекетінің ұлы қайраткері Хо Ши Миннің өмірбаяндық туындысы болса, екіншісі — пәкістандық зерттеуші ғалым Иштиақ Құсайын Құрешидің «Пәкістан үшін күрес» еңбегі. Екі кітап та қазақ тіліне аударылды.

Бұл туындыларды жарыққа шығаруда Ветнам Социалистік Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы елшіліктері жан-жақты қолдау көрсетті.
Бұл кітаптардың басты ерекшелігі – аталған еңбектер қазақ тіліне ағылшын тілінен тікелей тәржімаланған. Шетелдік жәдігерлердің қазақшаға аударған белгілі шығыстанушы, тіл маманы – Алмас Мәсәлім. Оның айтуынша әр кітапты аударуға шамамен тоғыз айдай уақыт жұмсалған. «Оқырманға жеңіл болу үшін, барынша жатыңқы етіп аудардық. Хо Ши Мин туралы кітапта қазақша мәтін мен ағылшынша мәтін қатар берілген. Екеуін салыстырып оқуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ Ветнам ұлт-азаттық қозғалысы көшбасшысының әр жылдары түскен фотолары да қоса берілді. Ал, «Пәкістан үшін күрес» кітабында 19-20 ғасырлардағы Оңтүстік Азия субконтинентінде орын алған саяси оқиғалар, оның ішінде мұсылман қауымының жеке тәуелсіз Пәкістан мемлекетін құру жолындағы күресі баяндалады» — дейді А.Мәсәлім.
«Орхон» баспа үйі осы бағыттағы жұмыстарды ары қарай жалғастырып, алдағы жылы тағы да бірқатар халықаралық еңбектерді қазақ тіліне аударуды жоспарлап отыр.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *