Ақ үйдің баспасөз қызметі Қазақстан Президентінің Америкаға баратынын хабарлады

Американың бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келесі аптада АҚШ-қа сапарлайтыны туралы хабар таратты.

Reuters агенттігі Ақ үйдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың 16 қаңтарда кездесу өткізетінін хабарлады.

Кездесу барысында Мемлекет басшылары екіжақты стратегиялық әріптестікті тереңдету және күшейту мәселесін, соның ішінде өңірлік және экономикалық ынтымақтастықты талқылайды.

Трамп пен Назарбаев, сондай-ақ, бірқатар халықаралық мәселелерді, соның ішінде Қазақстан БҰҰ ҚК Төрағасы ретінде ұшырасып отырған Ауғанстандағы жағдайды талқыламақ.

ҚазАқпарат агенттігі




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *