10 қаңтарда ел аумағының басым бөлігінде бұрқасын болады

41

Қазақстанда атмосфералық ағындардың  өтуіне байланысты 10 қаңтарды республиканың басым бөлігінде қар жауады, желмен бірге бұрқасын болады, тұман, көктайғақ, тек қиыр оңтүстік-шығыста ғана жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Қазгидромет.

  Қарағанды облысында жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с, жекелеген аудандарда бұрқасын, көктайғақ болады.

 Ақмола облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, жекелеген аудандарда бұрқасын, көктайғақ.

Павлодар облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, жекелеген аудандарда бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі.

 Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады.

 Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында  жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде  тұман түседі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *