Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы тағайындалды

87

Осы уақытқа дейін Қазақстан футбол федерациясының атқарушы директоры қызметін атқарып келген Азамат Айтқожинді Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті бас хатшы қызметіне тағайындады. Бұл жайлы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады. 

Азамат Серікұлы 1975 жылы 15 мамырда Целиноград қаласында дүниеге келді. Ол 2003 жылы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның директоры болды. Кейінірек «Жеңіс» футбол клубына жетекшілік етіп, командамен бірге ҚР чемпионатының қола жүлдесі және Қазақстан Кубогын жеңіп алды. 2007-2009 жылдары «Астана Арена» спорт кешенінің директоры, сондай-ақ, «Жастар» спорт сарайын басқарды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *