«Астана EXPO» басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

86

Аллен Шайжүнісов «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тиісті бұйрыққа ұлттық компанияның төрағасы Ербол Шорманов қол қойды.

 Аллен Сержанұлы Шайжүнісов 2002 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын халықаралық заңгер мамандығы бойынша тәмамдады. Сонымен қатар, Қазақ қаржы-экономикалық академиясында «Экономист» мамандығын меңгерді.

2002-2006 жылдар аралығында дипломатиялық қызметте болды. Кей жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы орталық аппараты хатшылығының меңгерушісі, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС басқарушы директоры, Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2015 жылдан бастап «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ дамыту және туризм департаментінің директоры болып еңбек етті.

2017 жылдың 6 қарашасында «ЭКСПО-2020 Дубай» Халықаралық көрмесінде (2020 жылдың 1 мамыры мен 31 қазаны аралығында өтеді) Қазақстан секциясының бас комиссары болып тағайындалған болатын.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *