Қаңтар айы. Қалың қар. Қала ортасы немесе осыдан қырық жыл бұрын

Иә, бұл тұп-тура қырық жыл бұрын, атап айтқанда, 1978 жылғы 20-шы қаңтардың кейін қайталанбас қас қағым сәтінің бірі еді.

…Түнімен жауған қардың толас тапқан кезі. Аспан әлі ашылмаған. Айнала түгел мұнартып тұр. Ақ ұлпа басқан шырша бұтақтары «мұңая» майысады …
Біз, ҚазМУ-дың журналистика факультетінің бір топ үшінші курс студенті, Алматының қақ ор­та­сындағы Ленин алаңы (қазіргі Астана алаңы) алдындағы орындыққа жайлана жайғасып алып, «тарих бетіне бейнемізді тамаша таңбалағымыз» келгендей…
Жоғарыда солдан оңға қарай отырғандар – Гүлзия Пірәлиева (бү­гінде филология ғылымының докторы, профессор), белгілі журна­лис­тер Жеделхан Бөлекбаева, Әлия Сейілханова, Сәуле Нұрекенова. Төменде солдан оңға қарай көз жүгіртсеңіз – осы жолдардың авторы, Көлбай Адырбеков (көсемсөзші журналист, Президент сыйлығының иегері), Сатыбалды Сәуірбай (Ақтөбе облыстық және «Егемен Қазақстан» газетінде тер төккен ойы жүйрік, қаламы қарымды журналист).
Айтқандай, бұл Көлекең мен Саташтың туған күні болатын.
О, шіркін, алыста сағымдай бұл­дырап қалған қайран жастық шақ-ай, ерекше естен кетпес керемет студент­тік кез-ай !

Берікбай ҚАДЫҚОВ

Алматы облысы
Қарасай ауданы




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *