Вице-премьер Асқар Жұмағалиев БАҚ басшылармыен кездесу өткізді

177

Астана қаласында Премьер-министр орынбасары Асқар Жұмағалиев және Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесті, — деп хабарлайды Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Баспасөз қызметі.

Бейресми кездесу аясында Асқар Жұмағалиев пен Дәурен Абаев «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасы және Республикамызда жүзеге асырылып жатқан жобалар жайлы тілшілерге айтып берді.

«Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша Үкімет тарапынан мемлекеттік бағдарлама жасалған болатын. Өз жолдауында Президент ақпарттық-технологиялық шешімдерді енгізу қажеттігін айтты. Цифрландыру – заман талабы. Қазіргі таңда цифрлік технологиясыз жетістікке жеткен кәсіпорынды елестету мүмкін емес, ондай өндірушілер тауарының сапасы мен бағасында үтылып, бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Өндірісте 10% адами факторға, яғни адамның қателіктеріне байланысты. Цифрлік технологиялар мұндай жағдайды болдырмайды», – деді Премьер-министрдің орынбасары.

Дәурен Абаев «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасының денсаулық сақтаудан бастап, өндіріске дейін барлық саланы қамтитындығы туралы айта келе, жобаларды комплексті түрде жүзеге асыру керектігіне баса назар аударды. Сондай-ақ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Руслан Енсебаев жобаны жүзеге асыру бойынша әр мемлекеттік органда Бағдарламаның жүзеге асырылу барысын қадағалап отыратын цифрландыруға жауапты офис құрылғандығы туралы мәлімдеді.

«Цифрлік Қазақстан» бағдарламасы  2017 жылдың 12 желтоқсанында қабылданды және ақпараттық технологияларды экономиканың бес бағыты бойынша: «Экономика салаларын цифрландыру», «Цифрлық мемлекетке көшу», «Цифрлық жібек жолын іске асыру», «Адами капиталды дамыту», «Инновациялық экожүйені құру»  енгізу көзделуде.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *