«Хабар» және «Kazakh TV» телеарналарының басшылары ауысты

Еліміздегі екі республикалық телеарнаның басшылары ауысты. «Хабар» телеарнасының басшылығына Ерлан Игісінов, ал «Kazakh TV» арнасына Сандуғаш Рахымжанова тағайындалды. Бұл туралы baq.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ерлан Игісінов осы уақытқа дейін директордың орынбасары қызметін атқарып келген.  Ақпарат саласындағы қызметін 18 жасында радиостанцияның жүргізушісі ретінде бастаған. 2009 жылдан бастап, «Хабар» арнасындағы «Бетпе-бет» бағарламасының жүргізушісі ретінде көрермендерге жақсы таныс.

Ал, «Kazakh TV»  телеарнасының басшысы Сандуғаш Рахымжанованың «Хабар» агенттігіндегі қызметі 2012 жылы маркетолог-сарапшы ретінде басталады. 2013 жылдан «Хабар» телеарнасының директоры болып қызмет атқарған.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *