Ыдыс жуу өмір жасын ұзартады

74

Америкалық ғалымдар ыдыс жуу мен күнделікті үй шаруаларының адамдардың өмір сүру ұзақтығын ұзартатынын ғылыми тәжірибе барысында анықтаған.  Олар өз зерттеулерін «Journal of the American Geriatrics Society»
басылымында жариялады. Зерттеуге 65 және 99 жас аралығындағы 6 мың нәзік жандар қатысқан. Әйелдердің бір аптадағы  физикалық белсенділігі мен  денсаулықтарын 3 жыл фитнес-треккер деп аталатын құралдардың көмегімен бақылаған. Нәтижесінде күніне кем дегенде 30 минут уақытын физикалық белсенділікке арнаған әйелдердің өлімі 12 пайызға кем болған. Ал белсенділікті күніне 1 сағатқа арттыру өлім деңгейін 39 пайызға азайтқан.

Ғалымдардың айтуынша, олардың  бұл зерттеулердегі келтіріп отырған физикалық белсенділік ретінде күнделікті үй тіршілігі алынған. Яғни бұл:  үй жинау, ыдыс жуу, таза ауада серуендеу. Көп уақыт бойына денсаулықты жақсы қалыпта сақтау үшін жоғарыда аталған үй қызметтері жеткіліксіз деп есептелген екен. Бірақ ғалымдар үйдің күйбең болып көрінетін шаруаларының  әйел адамдардың алдағы  үш-төрт жылда өмірмен қоштасу қаупін бірнеше есе азайтатынын дәлелдей алды.

Үміт Жұмаділова




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *