SMS

Баланың куәлігін SMS арқылы рәсімдеуге болады

246

Ақпараттық және компьютерлік технологиялар дамыған заманда адамға өз уақытын үнемдеуге керемет мүмкіндіктер жасалуда. Бұрынғыдай ұзақ-сонар кезектерде тұрып, құжат рәсімдеудің қажеттілігі кешегі күннің еншісінде қалып барады. Елімізде «Электронды үкімет» бағдарламасы аясында халыққа қызмет көрсетудің сапасы жақсарып, тиімділігі де арта түскені анық.

Сонымен қатар еліміздегі «Электронды үкімет» порталы аясында Халыққа қызмет көрсету орталықтарында енгізіліп жатқан көптеген жаңашылдықтар аз емес. Олардың барлығы қала және аудан тұрғындарының уақытын үнемдеуге, қысқа мерзім ішінде құжат түрлерін рәсімдеуге бағытталған. Соңғы кезде қолданыс тауып жатқан жаңашылдықтың бірі ретінде нәресте дүниеге келгенде оның туу туралы куәлігін ұялы телефонмен sms-хабарлама жолдау арқылы рәсімдеуге болады. Босанатын ана перинаталды орталыққа түскеннен кейін оның «M-gov» базасында бар-жоқтығы нақтыланады. Туу туралы куәлікті алу үшін  баланың атын, тегін, әкесінің атын жазу қажет. Сондай-ақ баланы тіркеу үшін АХАТ бөлімшесі көрсетіледі. Әрі қарай нәрестені балабақша кезегіне тіркеу, бала тууына байланысты берілетін жәрдемақыны рәсімдеу шаралары да жасалады. Бүлдіршіннің кезекке тіркелгені, жәрдемақы туралы хабарлама да ұялы телефон иесіне sms-хабарлама арқылы жолданады. Айта кетейік, Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты №1 және №2 Халыққа қызмет көрсету департаменттерінің аудандық бөлімдерінде де тұрғындарға қызмет көрсетудің мұндай түрі қолданысқа енгізілді. Аудан тұрғындары бұл жаңашылдықтың тиімді тұстары көп екенін айтуда. Қорыта келгенде, халыққа қызмет көрсетудің ыңғайлы әрі сапалы болуына ерекше мән берілуде.

Эльзира Байгелова


TAG


ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *