Сағынтаев: Жекешелендірілетін нысандарға ешқандай бақылау болмай тұр

28

Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жекешелендірудің өзекті бір мәселесіне баса назар аударды. Инвентаризация бойынша сатуға шығарылатын кәсіпорындардың нақты тізімі жасалса да, уақыт өте келе, жаңа нысандар саңырауқұлақтай көбейіп кетеді. Сол үшін Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовке бүгін Үкімет отырысында ескерту жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

«Тимур Мұратұлы, біз инвентаризацияны өткіздік. Дұрыс па? Екі жылдың қорытындысы бойынша нақты кәсіпорындарды анықтадық. Содан кейін жаңа нысандар құрылды ма?», — деп сұрады Бақытжан Әбдірұлы.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, жалпы тізімге тағы 168 кәсіпорын қосылды. Үкімет басшысы өз наразылығын тағы білдірді.

«Сонда біз инвентаризацияны не үшін өткіздік? Бір қолымызбен қысқартып отырмыз, ал екінші қолымызбен одан да көп нысандарды құрып алдық па? Неге ондай әрекеттерге жол береміз? Бір кәсіпорынды жоямыз, соның орнына басқасын жасаймыз. Олай жұмысымыз бітпейді ғой», — деді Премьер-Министр.

Министр Сүлейменов бұған тұщымды жауап бере алмады. «Нақты анықтаманы кейінірек берсек болады ма?», — деп сұрады. Сол үшін Үкімет басшысынан тағы да сын естіді.

«Тимур Мұратұлы, бүгін сіз баяндама жасау үшін келдіңіз. Анықтаманы кейіннен қол астындағы қызметкерлерден сұрамайтындай, бәрін баста ұстау керек. Міне, осының салдарынан сіздерде жаңа кәсіпорындар саңырауқұлақтай қаулап кетеді. Себебі ешқандай бақылау жоқ. Ойларына келгенін істейді!», — деп шүйлікті Б.Сағынтаев.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *