Ауыл шаруашылығы министрлігінде жаңа вице-министрлер тағайындалды

0

ҚР Үкіметі Қаулысымен Евниев Арман Қайратұлы ҚР ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі, Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

 Арман Евниев 1968 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. 1990 жылы Омбы ауыл шаруашылығы институтын, 2001 жылы – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын, 2002 жылы – «Болашақ» Қарағанды актуалды білім беру институтын тәмамдаған. Мамандығы – ғалым агроном, мемлекеттік қызмет менеджері, заңгер.

Еңбек жолын 1985 жылы бастаған. 1985 – 1999 жылдары жұмысшы, агроном, бас агроном, кеңшар директоры болып істеген. 1999 – 2008 жылдары мемлекеттік органдарда түрлі қызметтерде жұмыс істеген, «Қазақстан фермерлері одағын» РҚБ басқарған. 2008 – 2010 жылдары ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған. 2010 – 2016 жылдары ұлттық компанияларда істеген, «Мажико» Басқарушы холдингі» ЖШС және «АӨК Қазақстан іскерлік кеңесі» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігін басқарған.

2016 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Гүлмира Исаева 1969 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1991 жылы Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтын, 2010 жылы – Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған. Мамандығы – инженер-технолог.

Еңбек жолын 1991 жылы бастаған. 1991-2010 жылдары аға оқытушы, аспирант, бас маман, кіші, аға ғылыми қызметкер, бас технолог, зоотехник-селекционер болып қызмет етті.

2010-2012 жылдары ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 2012-2017 жылдары ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.

2017 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Премьер-Министрі кеңесшісі болып істеді.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Primeminister.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *