Қазақстанда латынға көшуді түсіндірген блогерлерге қанша төленеді?

44

«Ашық НҚА» сайтында 2025 жылға дейін қазақ әліпбиінен латынға кезең-кезеңмен көшу үшін қандай шаралар жүргізілетіні жазылды. Аталған мәселе 2018 жылдың 30 қаңтарына дейін талқыланатын болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

 Құжатқа сәйкес, латын әліпбиіне көшудің бірінші кезеңі 2018-2020 жылдары аралығында жүргізіледі. Екінші кезең — 2021-2023 жылдары, үшінші кезең — 2024-2025 жылдары жүргізіледі деп жоспарланды.

Бірінші кезеңде орфография, орфоэпия мәселелері реттеліп, әліпбиді үйрену әдіс-тәсілдері жасалады, қазақ тілінің терминологиялық қоры бір жүйеге келтіріледі. Мұнымен қатар, латын әліпбиін ІТ технологиялар мен ақпарат кеңістігіне сай бейімдеу мәселелері де қарастырылады.

Биыл бірінші тоқсанда орфография, методика, терминология және техникалық-сарапшылар тобының отырысы өтеді. Мұнымен қатар, латын графикасына өтудің қаржы мәселесін шешіп отыратын заңды тұлға тағайындалады. 2018-2025 жылдары аталған мәселені реттеуге — 602,7 млн теңге, 2018 жылы — 161,7 млн теңге, әрі қарай 63 млн теңге бөлінеді деп жоспарлануда.

2018-2025 жылдары аралығында видеоблогтар жасауға 168 млн теңге бөлінеді. Мұнымен қатар, аталған шараға әлеуметтік желіде белсенді блогерлер де тартылмақ. Бұған 462,6 млн теңге (Жыл сайын – 57,82 млн теңге) жұмсалады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *