Бүгін еліміздің бірқатар аймақтарында ауа райы құбылмалы болады

128

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерде қар жауып, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kzҚазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың кей жерінде тұман түсуі мүмкін. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын болып, Павлодар облысында тұман түседі деп болжанады. Ақмола, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде қатты жел соғып, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде тұман түседі.

Астанада ауа райы түнде  -22 -24 градус, күндіз -13-15 градус аяз.

Алматыда күн құбылмалы, тұман. Желдің жылдамдығы секундына 0-5 метр. Түнде температура  10-12 градуз аяз, күндіз -3-5 градус болады деп күтілуде.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *