Қазақстан мен АҚШ ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды

438

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына іс-сапары барысында ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық бойынша бірқатар құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитеті мен АҚШ Ішкі ресурстар департаментінің АҚШ Геологиялық қызметі («USGS») арасында Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық технологияларды қолдану саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен кеңістіктік мәліметтер инфрақұрылымын дамытуға бағытталған Ниеттері туралы хатына қол қойылды.

Анықтамалық ақпарат: USGS Қазақстанда Іле-Балқаш ауданының су ресурстарының жағдайын бақылау жобасына қатысады. USGS қатысуымен LandSat – 7,8 спутниктен Астана қаласы жерүсті кешеніне Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) мәліметтерінің қабылдануы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, USGS Ғарыш және ірі апаттар бойынша Хартия аясында апаттар мен ТЖ бақылау процессіне қатысуда.

ҚР ҚАӨМ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен геоақпараттық жүйелердің сапасы мен өнімділігін арттыратын ақпараттық технологиялардың жетекші әлемдік жеткізушісі Hexagon Geospatial компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты Жерді қашықтықтан зондау қазақстандық ғарыштық жүйесінің тиімділігін арттыруға арналған заманауи геокеңістіктік ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдар саласындағы жақтардың ынтымақтастығы болып табылады.

«Ғалам» ЖШС пен спутниктік байланыстың жерүсті инфрақұрылым саласындағы әлем көшбасшысы iDirect компаниясының арасында да ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Аталған Меморандум түрлі мақсаттағы спутниктік байланыс жүйелерін, сондай-ақ өзара қызығушылығын тудыратын басқа да өнімдер мен қызметтерін жасау кезіндегі жақтардың ынтымақтастығы мен өзара іс-әрекеттілігін көздейді.

Бұдан басқа, ҚР ҚАӨМ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басшылығы ESRI компаниясының өкілдерімен кездесті. Келіссөздер барысында ESRI серверлік платформасын Қазақстан Республикасының ғарыштық бақылауында қолдану мүмкіндіктері, сонымен қатар, ҚР ЖҚЗ жүйесінің ғарыштық суреттерін жүзеге асырумен байланысты мәселелер талқыланды.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Президентінің биылғы 16-18 қаңтарда Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен баратыны туралы хабарлаған болатынбыз. Онда Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланды. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа барған сәтінен видео жариялады. Елбасын Дональд Трамптың өзі қарсы алып, мұны үлкен мәртебеге балады.

Ақ үйде өткен кездесуде Назарбаев Қазақстан мен АҚШ арасында әрдайым екіжақты саяси қарым-қатынас орнағанын айтып өтті. Бұдан кейін Мемлекет басшысы АҚШ-тың іскер топтар өкілдері, АҚШ-тың энергетика министрі және «Шетелдік жеке инвестициялар жөніндегі Корпорация» мемлекеттік агенттігінің президентімен кездесті. Сапар соңында Назарбаев Трамппен жүргізген келіссөздің қорытындысы бойынша БАҚ үшін брифинг өткізді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *