Жекешелендірудің кешенді жоспарын тамызға дейін аяқтаймыз – ҚҰ ҰЭМ

53

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру 2018 жылдың тамызына дейін аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме  жасап Kazgazeta.kz.

 ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік органдардың ведомствоға қарасты ұйымдарын қысқарту есебінен кеңейтумен жекешелендіру жоспарын іске асыруды жылдамдатуды, сондай-ақ әкімшілік шығындарды азайту үшін мемлекеттік органдардың ведомствоға қарасты ұйымдарын мүмкіндігінше шоғырландыруды тапсырды.

«Елбасының тапсырмасын орындаймыз. Оған ешқандай кедергі жоқ. 2017 жылы жекешелендіру 78%-ға орындалды. Өте жақсы көрсеткіш деп есептеймін. Бірақ Елбасының айтқаны — тек IPO арқылы сату. IPO-ны 2020 жылға дейін жалғастырамыз. Кейбір мекеме, мысалы Qazaq Air-ді сату 2020 жылға дейін жоспарланған», — деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин.

Ол жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру тамыз айына дейін аяқталатынын айтты.

«Елбасы соңғы Жолдауында мемлекеттік органдарға бағынышты ұйымдардың санын азайту үшін оларды қосып, ликвидация жасауды тапсырды. Бұл жұмысты біз Берік Шолпанқұловпен бірге (Қаржы министрі – авт.) жинаған жұмыс тобын басқарып, әрі қарай жалғастырамыз. Осы жылдың тамыз айына дейін аяқтаймыз», — деді вице-министр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *