Шоу-бизнес мақсаты қаржы табу ғана ма?

22

Қазақ эстрадасында өнер көрсетіп жүрген жас таланттар замана талабына сай түрлі бағыттарда әндер орындайды. Талғампаз тыңдаушыға таңдау көп. Дегенмен:

«Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар» — деп ұлы Абай айтпақшы,  бүгінгі шоу-бизнес төңірегінде әнге қатысты айтылар дау-дамай пікірлер аз емес. «…Бүгінде радио және телеарналардағы жоспарсыз беріліп жататын «жабайы музыканы» да жөнге қоятын уақыт жетті. Әрине, олар бүгінде Қазақстанның радио және телеарналарында, сондай-ақ күнделікті қатынас құралы саналатын автокөліктер, алып қалалардағы мейрамхана мен кафелер, оны айтасыз, алыс-жақын облыс және ­аудан деңгейіндегі мәдениет орындарында ешқандай заңмен қудаланып, тыйым салынбайтын дәрежеде дамып отыр. Біздің қасіретіміз де сонда» — дейді «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлім мырза. Қазіргі әндер жайлы жоғарыда айтылған пікірге қосыласыз ба? Әлде айтылған ойға қарсы айтылар қарымтаңыз, алып-қосарыңыз бар ма? Сіз не дейсіз, оқырман? Материалмен толығырақ төмендегі сілтемеден танысыңыздар.

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=46588




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *