ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҚТЫ НЕГЕ ЖАТЫРҚАЙМЫЗ?

«Рухани жаңғыру» бағдарламасында айырықша аталып өткендей, дамудың алғы шарттарының бірі — экономикалық жаңғыру. Елбасы бұл тұрғыда заманауи Қазақстан ақылы мен біліктілігі жоғары азаматтардың қолымен жасалатынын атап айтты. Соңғы жылдары ғылымға бөлінетін қаржының да саны артты. «Бір ғана Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (ҮИИДМБ) бірін­ші бесжылдығы үшін (2010-2014 жж.) 3,7 трлн теңге қаражат бөлінді. Бірақ бастамалар мен бағдарламалар­дың көптігіне қарамастан, инновация­лық салада қарқынды даму байқал­май отырғаны шындық. Осы уақыт­қа дейін «Қазақстанда жасал­ған», бүкіл халыққа танымал әрі керек­ті өнім әлі де аз екені белгілі. Оның басты себебі – ғылыми жаңа­лықтардың өндіріске енгізілуі төмен, технологиялық жаңалықтарды жүзеге асыру тетіктері әлсіз, шағын инно­вациялық кәсіпкерлік дамымай отыр» дейді «Ғылыми жаңалықтарды неге жатырқаймыз?» мақаласының авторы Дина Имамбаева. Қазақстандық экономи­каның инновациялық сипат алуы, технопарктер жұмысы, еліміздегі  ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысатын мамандар және басқа да ғылым саласындағы басты мәселелер жайлы «Ана тілінен» оқи отырыңыздар.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *