Құттықтау

159

Бүгін «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты ұлттық-қоғамдық «Ақиқат» журналының бас редакторы, әріптесіміз Аманхан Әлімұлының туған күні. Қаламы қарымды публицист, әрі поэзия әлемінде өзіндік өрнегімен ерекшеленетін лирик ақын Аманхан ағаның: «Мен басылымның редакциясында журналистпін, редакциядан шыққан соң ақынмын» — деп өзі айтпақшы, осы жасқа дейінгі шығармашылығы жан-жақты, қазақ қоғамындағы болып жатқан құбылыстарға қосып отыратын өзіндік үнімен ерекшеленеді. Ұшқыр ойлы, рухы биік тұлғаның қолтаңбасымен оқырмандарымыз жақсы таныс. Ендеше, туған күн иесіне әлі де алар асуыңыз бен бағындырар биігіңіз көп болсын дегіміз келеді. Азат ойдың иесі, қаламыңыздан шыққан зерделі публицистикаңызбен оқырманыңызды қуантып, жалын шашқан жаңа поэзияңызбен сусындатып, жастарға үлгі болып, ұзақ жасаңыз дегіміз келеді. Ел ағасына бақытты да, баянды ғұмыр, денсаулық тілейміз!

Ізгі ниетпен «Қазақ газеттері» серіктестігінің ұжымы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *