Қазақстанда өрттен қаза тапқан 52 адамның мәйіті Ташкентке жеткізілді

Ақтөбедегі автобус өрті кезінде көз жұмған Өзбекстан азаматтарының мәйіттері Ташкентке жеткізілді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Өзбекстан Республикасы ТЖМ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстан Республикасы ТЖМ дағдарысты жағдайды басқару орталығының мәліметтеріне қарағанда, 19 қаңтарда сағат 22.23-те Қазақстандағы Ақтөбе ауданында автобуста шыққан өрт салдарынан қаза тапқан 52 азаматтың денесін алып келген Өзбекстан Республикасы ӘҚК-ның «Ил-76» арнайы әскери-көлік ұшағы «Ташкент-Шығыс» әуе айлағына қонды.

Қазіргі таңда олардың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 Өзбекстан Республикасы ТЖМ өрттен қаза болғандардың алдын ала тізімін жариялады.

Айта кетейік, 18 қаңтар күні таңертең Самара-Шымкент тасжолында жол апаты болып, жолаушыларға толы автобус жанып кетті.  Өрт кезінде 52 адам қаза болып, 5 адамды күйік шалды. Қазір күйік шалып, газға уланғандар Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасында ем қабылдап жатыр. Олардың үшеуі Қазақстан, екеуі Өзбекстан азаматы.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *