Елбасы Жексенбек Еркімбековтің жақындарына көңіл айтты

155

Қазақстан Президенті көрнекті мемлекет қайраткері Жексенбек Еркімбековтің туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Kazgazeta.kz  ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

 «Жексенбек Еркімбеков белгілі музыкант және мәдениет пен өнер саласының талантты ұйымдастырушысы еді. Ол он жылдан астам еліміздің Мәдениет министрлігін басқарып, ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздің дамуына зор үлес қосты», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Жексенбек Еркімбековтің еңбегі мен жарқын бейнесі қазақстандықтардың жүрегінде әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

 Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *