Тұрғын үймен қамтамасыз етілудің жыл сайынғы өсімі 10% деңгейде болуы тиіс — Б. Сағынтаев

241

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Нұрлы жер» Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асырудың алғашқы жылының қорытындысы жасалды.

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің мәліметіне сәйкес жалпы тұрғын үйді пайдалануға беру Бағдарламаның жылдық жоспарына 111% орындалды. Барлығы 100,8 мың тұрғын үй салынды.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алғашқы жылы жақсы нәтиже көрсеткенін айтты.

«Мемлекет тарихында алғаш рет 11 млн м² астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Оған Мемлекет басшысы бастамашы болған Мемлекеттік бағдарламаның арқасында қол жеткізілді», — деді Бақытжан Сағынтаев. Мұндай көрсеткіштер Қазақстан Тәуелсіздігінің 26 жылында байқалмаған болатын.

Премьер-Министр статистика, қабылдау-тапсыру актілерін уақытылы тапсырмау және т.б. қатысты проблемалар халыққа түсініксіз — бұл мемлекеттік органдардың құзыреттіліктеріне жататынын баса айтты.

«Биыл жұмыс барысында мұндай олқылықтарға жол бермейміз деп ойлаймын. Оның үстіне биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы 2030  жылға қарай бір адамға 30 м2 (ескерту – тұрғын үй) дейін жеткізуді міндеттеді, ал бұл жыл сайын 10% дейін өсім», — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Осылайша, 2018 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру көрсеткіштері ағымдағы көлемдерден бір миллион шаршы метр тұрғын үйге асып түсуі тиіс.

«Құрметті әріптестер, күш-жігерлеріңізді жинап, биылғы жылды да жоғары деңгейде қорытындылауды және Елбасымыздың барлық тапсырмаларын орындауды сұраймын», — деп түйіндеді ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев.

Ақпарат көзі:Primeminister.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *