Ақорда Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапарының хронологиясын жариялады

225

Ролик Қазақстан Президентінің ұшақтан түсіп келе жатқан сәтіндегі кадрлардан басталады. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапарының кадрлары бейнеленген қысқа динамикалық видеороликті Ақорданың баспасөз қызметі фейсбуктегі ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды BNews.kz.

Ролик 15 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де нөмірі бірінші қазақстандық борт Вашингтондағы Эндрюс авиациялық базасына келген сәттен басталады. Президентті АҚШ-тағы Қазақстанның елшісі Ержан Қазыханов пен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Кролл қарсы алды. Содан кейін Дональд Трамп Назарбаевты Ақ үйдің батыс жағында орналасқан есігінен күтіп алған.

Видеоның кадрларында Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ президентімен кездесуі, сонымен қатар бірлесіп өткізген баспасөз конференциясы бейнеленген.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *