ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДІҢ РӨЛІ

503

Бүгін «Қазақ газеттері» ЖШС-не қарасты «Ақиқат» республикалық қоғамдық-саяси журналының кезекті келелі кеңесі өтті. «Қазіргі гендерлік саясат және қазақ қоғамындағы әйелдің рөлі» атты тақырыпта өткен жиынға белгілі саясаттанушы, «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім, философ, публицист Әбдірашит Бәкірұлы, философия ғылымының докторы Берік Аташ, Нұр-Мубарак Египет Ислам мәдениеті университетінің докторанты Салтанат Қағазбекова қатысты. Келелі кеңесті «Ана тілі» газетінің бөлім редакторы Дина Имамбаева жүргізіп отырды.

  Жалпы гендерлік саясат әуел баста батыстағы феминистік қозғалыстан басталғаны белгілі. Ал дәстүрлі қазақ қоғамында ер адам  мен әйелдер арасындағы теңдік ежелден қалыптасқан, ешқандай кемсітушілік болған емес. Дегенмен, қазір біздегі гендерлік саясат біржақты сипат алғаны байқалады, яғни гендерді тек әйелдердің құқығын қорғау деп түсіну басым. Осыған орай келелі кеңес әйел мен ердің тең құқылығы дегеніміз не, әйел теңдігін желеулетіп, ұлттық тәрбиеге нұқсан келтіруге тосқауыл қою, әйел затына деген деген  исламдық көзқарас, этногендерологияны дамыту және т.б. сұрақтар төңірегінде өрбіді.

Келелі кеңестің толық нұсқасын «Ақиқат» журналының 2018 жылғы №3 санынан оқи аласыздар.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *