Қазыбек би ұлағаты

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаңа ғасырдағы ұлттық сана терең тамырлы тарихымыздан бастау алатыны туралы атап айтылды. Қазіргі рухани жаңғырудың ең басты шарты да сол – ұлттық кодыңды сақтай білу екені белгілі. Осы ретте ұлттың тектілік кодын жеткізуші қасиетті тұлғаларымыздың орны ерекше. Сол тұлғалардың бірі әрі бірегейі – қазақ халқының XVII-XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қаз дауысты Қазыбек би.

2017 жылы ұлы бидің 350 жыл­дық мерейтойына орай Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ки­носту­дия­сы халықтың санасын жаң­ғыртып, ұлттың тұтастығын қалып­тастыру жолында зор еңбек сіңірген тарихи тұлға туралы Қаз дауысты Қазыбек биге арналған фильм түсірді.

Толығырақ, «Ана тілі» газетінен кинорежиссер,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қалила Омаровтың мақаласын оқыңыздар.

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=46690




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *