Назарбаев Милош Земанға құттықтау хатын жолдады

204

Нұрсұлтан Назарбаев Милош Земанға Чех Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М.Земанды Чех Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

«Сіздің жеңісіңіз еліңізді одан әрі дамытуды көздеген бағытыңызға деген халық сенімінің айқын дәлелі болып саналады. Біз биыл дипломатиялық қарым-қатынасымыздың 25 жылдығын атап өтеміз. Ширек ғасыр ішінде Қазақстан мен Чехия арасындағы ықпалдастықтың жоғары деңгейге көтерілгеніне қуаныштымын. Қазақстан мен Чехия арасындағы ынтымақтастық елдеріміздің игілігі үшін өзара серіктестік рухында жалғаса беретініне сенімдімін. Сізге зор денсаулық және жауапты қызметте табыс, ал достас Чехия халқына бейбітшілік пен береке тілей отырып, өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдіремін», – делінген жеделхатта.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *