Дiн iстерi министрi мемлекеттiк қызметкерлерге қойылатын шектеулердi атады

238

Мәжiлiс үйiнде «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни қызмет және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасы таныстырылды. ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрi Нұрлан Ермекбаев заң жобасы аясында мемлекеттiк қызметкерлерге қойылған шектеулердi атады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсiне сілтеме жасап  Kazgazeta.kz.

 «Мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде әскери қызметшілерге тек үш шектеу қойылып отыр. Біріншіден, олар өздерінің қызметтік мүмкіндіктерін діни бірлестіктердің пайдасына немесе дін мүддесіне пайдаланбауы керек. Екіншіден, олар басқа адамдарды діни бiрлестіктерге қатысуға мәжбүрлемеулері керек. Үшіншіден, мемлекеттік және әскери қызметшілер өздері діни бірлестіктердің бастамашысы немесе ресми мүшесі бола алмайды», — дедi Ермекбаев.

Министрдiң айтуынша, кейде мемлекеттік қызметшілер өз лауазымын, қызметтік мүмкіндіктерін пайдаланып, қол астындағы адамдарға қысым көрсетіп, оларды діни іс-әрекетке мәжбүрлейді.

«Бұған жол бермеу үшін осындай нормалар керек. Өйткені тек бүгінгі күнді емес, болашақты да ойлауымыз қажет. Ең алдымен, мемлекеттік қызметшілер өз мүмкіндіктерін кез келген діни бірлестіктің мүддесі үшін пайдаланбауы керек. Олар бейтарап, тек мемлекетке қызмет етуі қажет. Өздері діни бірлестіктерді құра алмайды. Осы ғана, басқа шектеу жоқ. Олар мысалы демалыс уақытында еркін мешітке немесе шіркеуге бара алады. Құрбандық шала алады. Бірақ жұмыс уақытында емес. Ешқандай ар-ождан бостандығы бұзылмайды. Ал әскерде сарбаздар жалпы жарғыға бағынуы керек», — дедi Нұрлан Ермекбаев.

Естеріңізге сала кетсек, елiмiзде ата-аналардың бiрi қарсы болған жағдайда 16 жасқа дейiнгi балалар мен жасөспiрiмдердің дiни жораларға қатысуына тыйым салу ұсынылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *