Алматы метросына интернет пен ұялы байланыс орнатылады

151

Алматыда барлық метро станцияларында биыл ұялы байланыс пен интернет қосылады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме жасап  Kazgazeta.kz.

 «Қазіргі кезде метрополитенде қажетті құрылғылар орнатылған, олар сынақ режимінде тексеруден өтеді. Байланыс 2018 жылдың екінші жартысынан бастап іске қосылады деп жоспарлануда», — деді Алматы метрополитенінің ресми өкілі Игорь Сахар.

Сондай-ақ, оның айтуынша, қазіргі кезде бір күннің ішінде метромен қатынайтындардың саны 56-58 мыңға жуық. Ал, 2020 жылға дейін 4 вагоннан құралған 8 жаңа құрам іске қосылып, жолаушылар саны 86-90 мың дейін жетеді деп күтілуде.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *