Ауылдық және қалалық үкіметтік емес ұйымдардың ерекшеліктерін ескерген жөн – Нығматулин

198

Мәжіліс спикері ауылдағы үкіметтік емес ұйымдардың деңгейі мен ірі қалалардағы ұйымдар деңгейінің айырмашылығына баса көңіл бөлді, деп хабарлай Kazgazeta.kz  Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өтіп жатқан Палатаның кезекті жалпы отырысында коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелеріне түзетулерге арналған заң жобасын бірінші оқылымда талқылау барысында, Мәжіліс спикері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарына айрықша назар аударды.

Ауылдағы үкіметтік емес ұйымдардың деңгейі мен ірі қалалардағы ұйымдар деңгейінің айырмашылығы бар екеніне баса көңіл бөлген Нығматулин арнайы конкурстарда ауылдағы үкіметтік емес ұйымдардың грантты да, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты да жеңіп алуы қиын екенін алға тартты

«Шынында да әлеуметтік стандарттар дайындалған кезде міндетті түрде ауылдың жағдайын ескеру керек. Себебі, ауылдың да, қаланың да өз ерекшелігі бар. Сондықтан, стандарттарды енгізгенде осы ерекшеліктерге қарай тиісті жағдай жасау қажет», — деді Нұрлан Нығматулин.

Бұл заң жобасының мақсаты мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *