Еуро-2018 жартылай финалы: Қазақстанның қарсыласы анықталды

188

Словенияның Любляна қаласында футзалдан Еуропа чемпионатының ширекфиналдық соңғы матчы өтті. Оның нәтижесі бойынша жартылай финалға шыққан барлық командалар белгілі болды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz  Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Испания құрамасы Украина командасын 1:0 есебімен жеңді. Осылайша, ½ финалда испандықтардың қарсыласы Қазақстан құрамасы болады. ҚР футзалшылары ширек финалда сербиялықтарды 3:1 есебімен жеңген еді.

Испания — Еуропаның қазіргі чемпионы. 2016 жылы Хосе Венансио Лопес жаттықтыратын команда Қазақстанмен екі рет кездескен болатын. Құрлық чемпионатының жартылай финалында олар — 5:3, әлем чемпионатының 1/8 финалында 5:2 есебімен жеңіске жеткен еді.

Еске салайық, футзалдан Қазақстан құрамасы Сербияны 3:1 есебімен тізе бүктіріп, 2018 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шыққан болатын. Сондай-ақ үздік төрттіктің қатарында турнир иелері — Словенияны 2:0 есебімен жеңген Ресей командасы бар.

Қазақстан — Испания және Ресей — Португалия арасындағы жартылай финал 8 ақпан күні «Арена Стожицеда» өтеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *