Ресейде президенттікке үміткерлерді тіркеуді аяқталды

154

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткерлерді тіркеуді аяқтады.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының басқарушысы Элла Памфилова хабарлады. Тізімдегі өзін-өзі ұсынып отырған жалғыз үміткер – Владимир Путин. Қазіргі Президенттің саяси додада жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Ал Либералды-демократиялық партия атынан Владимир Жириновский сайлауға түспек. Сонымен қатар тізімде Павел Грудинин Яблоко партиясынан Григорий Явлинский бизнес-омбудсмен Борис Титов, Сергей Бабурин, Максим Сурайкин мен тележүргізуші және оппозиционер Ксения Собчак бар. Президенттік сайлау 18 наурызда өтеді.

Элла Памфилова, РФ ОСК басқарушысы:

– Мен барлығына сәттілік тілеймін. Үгіт-насихат шаралары жоғары деңгейде жүргізіліп, сайлау ашық және әділ өтеді деп ойлаймын.

Хабар 24




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *