Елбасы халықтың ақшасын тонап отырған банктердi жазалауды тапсырды

23

Астанада Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңейтiлген Үкiмет отырысы өтiп жатыр. Жиында ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев баяндама жасады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсiне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

 Данияр Ақышев екiншi деңгейлi банктердегi проблемалар жайлы баяндады. «Delta Bank» және РБК банктердегi былықтар туралы айтып бердi.

«Бiз бұл iстi қашан аяқтаймыз? Әбләзовтың басшылығымен БТА банктiң мемлекет пен халықтың ақшасын тонағаны әлi көз алдымызда. Қазiр бiз бүкiл әлем бойынша бұның мемлекет ақшасын тонау екенiн дәлелдедiк. Ал қазiр қалай? Банк құрылған. Оған адамдар мен ұлттық компаниялар сенiп барды. Акционерлер ол жерден ақша тартып отыр. Ал Ұлттық банк жай ғана бақылап отыр. Бұны қалай түсiнуге болады?» — дедi Мемлекет басшысы.

Елбасы Ұлттық банк қадағалаушы орган екенiн айтып, оған қатаң жазалау шараларын қолға алуды тапсырды. Атап айтқанда, банктердi аямай, банкроттықтан құтқармай, керiсiнше ұшырату керек дедi.

«Акционерлер банк құрып, халықты ашық тонап отыр. Мен Мәжiлiс төрағасы Нұрлан Нығматулинге сәйкес заң жасауды тапсырғам. Заң Ұлттық банкке банктердiң ақша қозғалысын қадағалауға мүмкiндiк бередi. Заң жобамын жылдам қараңыздар», — деп тапсырды Назарбаев.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *