Пхёнчханда ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды

Салтанатты ашылу салтанаты 2 сағатқа созылды

Пхёнчханда Олимпиада алауы  жағылып, ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде ашық деп жарияланды.

Ашылу салтанатында Оңтүстік Кореяның әнұранын интернационалды отбасынан шыққан  75 бүлдіршін орындады. Салтанатты ашылу салтанаты 2 сағатқа созылды. ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында спорттың 6 түрі жаңадан қосылды.

Спортшылар шеруінде ең алғашқы Олимпиада Греция жерінде өткендіктен ең бірінш Грецияның спортшылары шықты. Одан кейін мемлекеттер Кореяның алфавиті бойынша шеруді жалғастырды.  Әлемнің 92 елінен 3 мыңнан астам  спортшы қатысатын төртжылдықтың басты додасының ашылу салтанатында  Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев алып шықты. Абзал Әжғалиевтің туды алып шығу рәсімінде «Алтын адам» стилінде киінген.

Естеріңізге сала кетсек, Пёхнчханда Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан күндері өтеді. Биыл Олимпиадада спортшылар қысқы спорттың 15 түрі бойынша 102 медальді сарапқа салады. Қазақстандық 46 спортшы спорттың 9 түрі бойынша сынға түседі. ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Дереккөз:Vesti.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *