Олимпиада-2018: Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

262

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында фристайлдың могул түрінен әйелдер арасындағы жарыста қазақстандық спортшы Юлия Галышева қола медальға ие болды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

Юлия Галышева гранд финалда 77.40 ұпай алып, үшінші орынға жайғасты.

Еске сала кетсек, отандық спортшы іріктеу сынын сәтті бастап, жарыс қорытындысы бойынша 76.36 ұпай алған ол 7-орынмен финалға шыққан болатын. Бірінші және екінші финалдық сыннан да сүрінбей өткен ол соңғы супер финал нәтижесі бойынша қола медальға ие болды.

Айта кетсек, могулшы Юлия Галышева Қазақстан құрамасы қоржынына Пхенчхан Олимпиадасындағы алғашқы жүлдесін алды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *