Олимпиада кестесі: 12 ақпанда кімдерден медаль күтеміз?

117

Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі назарларыңызға 12 ақпанда қазақстандық спортшылар қатысатын жарыстар кестесін ұсынады. Жарыс кестесі Астана уақыты бойынша әзірленді.

 Тау шаңғысы

Әйелдер. Алып слалом.
Мария Григорова қатысады.
Тікелей эфир: QAZSPORT және “Хабар” телеарналары. Басталуы: 7:15, 10:45.

Биатлон
Әйелдер. Із кесу жарысы, 10 шақырым.
Галина Вишневская мен Дарья Климина қатысады.
Тікелей эфир: QAZSPORT телеарнасы. Басталуы: 16:10.

Биатлон
Ерлер. Із кесу жарысы, 12,5 шақырым.
Роман Еремин қатысады.
Тікелей эфир: QAZSPORT телеарнасы.Басталуы: 18:00.

Фристайл
Ерлер. Могул. Финал.
Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков қатысады.
Тікелей эфир: «Қазақстан» телеарнасы. Басталуы: 18:00

Конькимен жүгіру. Әйелдер. 1500 метр.
Екатерина Айдова қатысады. Басталуы: 18:30.

Еске сала кетсек, 10 ақпанда шаңғы спорты, биатлон, шорт-тректен медальдар ойнатылды. Шаңғы спортынан үздік нәтижені 36-шы келген Анна Шевченко көрсетті. Биатлоннан Галина Вишневская отыздықты түйіндеді. Шорт-тректен 1500 метрлік қашықтықта Денис Никиша мен Нұрберген Жұмағазиев, 500 метрге жүгіруден Анастасия Крестова іріктеуден аса алмады. Ал шана спортынан Никита Копыренко бірінші және екінші сырғанауда 35-ші және 38-ші орын алды.

11 ақпанда Игорь Закурдаев қатысуы тиіс тау шаңғысынан жылдамдықпен түсу сыны ауа райының қолайсыздығына байланысты басқа күнге шегерілді. Скиатлоннан өткен жарыста Виатлий Пукхало 34-ші, Евгений Величко 43-ші келді. Биатлоннан 10 шақырымдық спринтте ерлер жарыс жолына шықты. Қазақстан сапынан 43-орын алған Роман Еремин үздік нәтиже көрсетіп, із кесу жарысына жолдама алды. Владислав Витенко 79-шы, Василий Подкорытов 80-ші, Максим Браун 85-ші орынмен жарысты аяқтады. Шана спортынан Никита Копыренко үшінші сырғанауда 34-орын алды, алайда төртінші сырғанауға өтпеді. Фристайлдың могул түрінен Аяулым Әмренова екінші мүмкіндігін сәтсіз аяқтады. Финалға шыққан Юлия Галышева Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *