Қысқы Олимпиадада допинг-сынақтан өтпей қалған бірінші спортшы анықталды

50

21 жастағы спортшының қанынан рұқсат етілмеген дәрумен табылған.

Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында бірінші спортшы рұқсат етілмеген дәрумен қолданғаны анықталды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz  Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

USA Today баслымының мәліметі бойынша, допинг-сынақтан жапониялық шорт-трекші Кэй Сайто өте алмапты.

Басылымның мәліметі бойынша, 21 жастағы спортшының қанынан рұқсат етілмеген дәрумен табылған. Бірақ, оның атауы әлі жарияланған жоқ. Жапония Ұлттық Олимпиада комитеті 13 ақпан күні баспасөз жиынын өктізіп, бұл туралы ресми жарияламақшы.

Сайто болса, уақытша жарыстардан шеттетілген. Спорттағы арбитраждық соттың (CAS) таратқан ақпаратына сүйенсек, оның сынамасынан диуретик табылған. Спортшы өз еркімен Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартып, Олимпиада қалашығынан кетіп қалған.

Ол қысқы Олимпиада ойындарында допингпен ұсталған бірінші жапониялық спортшы екен. Спортшыға уақытша жаза тағылған. Енді ол ISU аясында өтетін жарыстарға қатыстырылмайды.

Сайто Жапонияның 5000 метрге эстафеталық құраманың қосалқы спортшысы болған. Бұл жарыстың финалдық бәсекесі 22 ақпан күні өтеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *