Дархан Мыңбай Мәжіліс депутаты болып тіркелді

40

Дархан Мыңбай Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро қаулысымен тағайындалған Парламент Мәжілісінің депутатын тіркеу жөніндегі ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мыңбай Дархан Қамзабекұлын тіркеу жөніндегі ҚР ОСК қаулысы қабылданды.

Д. Мыңбайға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатының куәлігі мен төсбелгісі табысталды.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі» туралы Конституциялық заңға сәйкес сайланған депутат тіркеуден өткен соң өз өкілеттігіне кіріседі.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *