Тұсаукесер. «Аққулар ұйықтағанда»….

159

 Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Аққулар ұйықтағанда» спектаклінің премьерасы өтті. Драмалық қойылымның авторы –  жазушы-драматург Нұрғали Ораз. Режиссері – Ержан Қауланов.Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған қойылымның негізгі идеясы – ұрпақ мәселесі. Өткен мен бүгінгінің арасындағы сабақтастық. Ақиық ақын поэмасында баласының өмірі үшін күрескен ана болса, қойылымда ұлы шетел асып, кемпірі қайтыс болған жалғыз қалған адамның басындағы қиындық сахналанады. Назарларыңызға спектаклден фотосуреттер ұсынамыз. Ал, сюжеті қызықтырса, театрға барып, қойылымды көзбен көрейік. «Аққулар ұйықтағанда» драмасы театрда 16, 23 ақпан күндері көрсетіледі.




One thought on “Тұсаукесер. «Аққулар ұйықтағанда»….

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *