Дархан Мыңбай Экология комитетінің құрамына енді

111

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Дархан Мыңбай Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті құрамына енді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

Жалпы отырыста депутат Дархан Мыңбай Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің құрамына кірді. Ал Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасының орнына депутат Мұхтар Ерман сайланды.

Отырыста халық қалаулылары аталған депутаттардың кандидатурасын қолдап дауыс берді.

Естеріңізге сала кетейік, аталған комитеттің бұрынғы төрағасы Мәулен Әшімбаев «Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Мұнымен қатар, Дархан Мыңбайдың Мәжіліс депутаты болып сайланғанын хабарлаған едік.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *