«ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

381

Алматыдағы «Интерконтиненталь» қонақүйінде «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) Бас директоры Тед Этчисон бірқатар республикалық БАҚ өкілдерімен кездесіп, 2017 жылдың қорытындылары туралы жиналыс өткізді.

Қазіргі таңда ТШО-да жұмыс істейтін қазақстандық қызметкерлердің үлесі 1993 жылғы 50 % көрсеткішпен салыстырғанда 83 % құрайды. ТШО-дағы жергілікті ұлттық басшылардың жоғары және орта буын жетекшілерінің үлесі жалпы басшылық құрамның 67 % құрайды. Кадрларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде жауапты басшылық лауазымдарға тағайындалған жергілікті қызметкерлер қатары көбейе түсуде.

Шараны «Теңізшевройл» компаниясының Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев жүргізіп отырды. Ол былтырғы жылы «Теңізшевройл» (ТШО) үшін өте сәтті жыл болғандығын атап өтіп, 2013 жылдан қазірге дейін аталмыш компания журналистермен 13 рет сәтті өткізіп жатқандығын тілге тиек етті. Жиналыстың ашылу салтанатында «Теңізшевройл» ЖШС-ның бас директоры Тед Этчисон бірқатар республикалық БАҚ өкілдеріне былтырғы жылдың қорытындылары, биылғы атқарылар міндеттер жөнінде әңгімеледі. Сонымен қатар ол биыл ұжым алдында өндірістік әлеуетті арттыру және қызметтің барлық бағыты бойынша жаңа белестерге шығу тапсырмалары тұрғанын айтты. Компания басшысы Тед Этчисон ұжымға атқарған табысты жұмыстары үшін алғысын айтты. Өз кезегінде журналистер қауымы ТШО-ның басшысына алуан сұрақтар қойды. Қаламгерлердің сұрақтарына нақты жауап берген Т.Этчисон ТШО-да әлі де атқарылар игі істер мол екендігін айтып өтті.

1993 жылдан бастап ТШО өз қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін Атырау облысының әртүрлі әлеуметтік жобаларына 1,4 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады. 2017 жылы «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасының бюджеті 25 миллион АҚШ доллары болды. Аталмыш қаржының негізгі бөлігі Атырау облысында балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына жұмсалды.

Аталмыш компания биылғы жылы қызметкерлердің қауіпсіздігі мен қорша-ған ортаны қорғау үшін көп көңіл бөлуде. Көптеген игілікті әлеуметтік-эко-номикалық мәселелерді оңтайландыру мен жақсартуды көздеп отырған «Теңізшевройл» компаниясының болашағы жарқын болатынына кәміл сенеміз.

Нұрлан ҚҰМАР




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *